Маңғыстаулық 136 ірі шаруа қожалығы Үкімет резервінен қаржылай қолдау алды

1035

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында барлығы 178 ірі шаруа қожалығы мен 438 үй шаруашылығы бар. Маңғыстау өңіріндегі қуаңшылыққа байланысты Үкімет резервінен ішінара аналық мал басына қаржылай көмек алуға 136 ірі шаруа қожалығы құжат тапсырған, деп жазады inbusiness.kz. 

Маңғыстаулық 136 ірі шаруа қожалығы Үкімет резервінен қаржылай қолдау алды

Биылғы қуаңшылық жергілікті шаруаларға көп қиындық туғызды. Қазір ауданда қысқы мал азығын дайындау, шаруаларға жем-шөп жеткізу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аудандағы Боржақты, Емір және өзге де ірі шаруа қожалықтарына, үй шаруаларына тегін шөп таратылды. Сондай-ақ шаруаларға Үкімет резервінен аналық мал басына ішінара қаржылай қолдауға құжат тапсыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржылай көмекке өтініш білдіріп, құжат тапсырған барлық 136 шаруа қаражатын қолына алған. 

Сондай-ақ Мұнайлыда "Жасыл дәліз-2" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері  33 121 мал басы тіркелген. Оның 1375-і мүйізді ірі қара болса, 19 404-і мүйізді ұсақ мал.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу