Маңғыстаулық бизнес электр энергиясының жиі сөнуінен зардап шегуде

398

Әсіресе, қоғамдық тамақтану және азық-түлікпен айналысатын кәсіпкерлерге қиын соғып тұр.

Маңғыстаулық бизнес электр энергиясының жиі сөнуінен зардап шегуде Фото: pixabay.com

Азамат Сәрсенбаев кофехана ашып, тәтті тоқаштар мен торттарды пісірумен айналысады. Жарықтың кестемен берілетінін естігенде, қатты ашуланды. Өйткені тез бұзылатын сүт өнімдерін қалай сақтауды білмей дал.

"Кондитерлік өнімдер, торттар бар. Сливки бәрін тоңазытқышқа  сақтау керек. Тортты пісіріп тастау керек. Біз кестеге қарап тортты алдын ала пісіріп жатырмыз. Тек кестеге қарап отырмыз. 3 сағат шыдаймыз. Күніне 5-6 сағат жарық өшсе, қиын. Заттардың бәрі  құрып кетсе, қайда баратынымды білмеймін ",- дейді кәсіпкер.

Дәмхана, кафе мен мейрамхана иелері де наразылық білдіріп әлеуметтік желілерге жар салуда. Азық-түлік қорын жинай алмай, бір күндік тауармен шектелуге мәжбүр. Көтерме саудамен алмаған соң, тамақ бағасы қымбат. Ең қиыны тоқпен жасайтын пештер мен техникалар түгел істен шығады деп алаңдаулы. Ал, Жаңаөзенде гүл өсірушілер мен сатушылар шығынға шаш-етектен батамыз деп отыр. Суды жинау, суару процесі электр қуатымен жүргізілетіндіктен, мәселені тезірек реттеуді сұрайды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаевтың айтуынша, шектеу үш сағаттан бес сағатқа дейін созылады. Жоспар бойынша МАЭК аптаның соңында 3-блокты қосуды жоспарлап отыр. Егер толықтай режимге шықса, шектеулер толықтай алынады.   

Өңірді су, жарық және жылумен қамтитын жалғыз кәсіпорын МАЭК-тің мәселесі кеше-бүгін пайда болған жоқ. Мұның бәрі 55 жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жетудің нәтижесі. Жығылған үстіне жұдырық. Ақтау қаласында құрылыс нысандары қарқынмен өсуде. Оған  ауыз су мен жарық жеткізу жағы есепке алынбай қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу