Маңғыстаулық кәсіпкер 12 түрлі ірімшік шығарады

848

Ақтау қаласының іргесіндегі Ақшұқыр ауылында орналасқан "Кобзев" шаруа қожалығы ешкі сүтінен түрлі өнім өндіріп, нарыққа шығарып келеді.  

Маңғыстаулық кәсіпкер 12 түрлі ірімшік шығарады

Мұндай кәсіп түрі өңірде жалғыз. Сүт фермасы былтыр ғана ашылды. Қазір шаруашылықта ағылшын, альпі және ламанштық тұқымнан 112 ешкі бар. Асыл тұқымды Сексек ата тұқымының сүтінен йогурт, айран, сүзбе және ірімшіктің 12 түрі жасалады.

"Бұл – отбасылық кәсіп. Барлық шаруаны отбасымыздың мүшелері атқарады. Жанұядағы 5 адам ферманың алға жылжуы үшін барымызды салып жатырмыз. Біз асыл тұқымды ешкілерді азықтандыруда жоғары талапты ұстанамыз. Себебі бұл ешкі сүтінің мол шығуына және басқа да сүт өнімдерді сапалы ұсынуға мүмкіндік береді", – дейді ірімшік өндіруші технолог Александра Кобзева.

Ірімшікті жасауға білікті мамандар жұмылдырылған. Қыркүйек айында ферма мамандары Түркиядан келген шебермен тәжірибе алмасып, шеберлігін арттырған. Қазіргі таңда түрік ірімшігін сатылымға шығарып жатыр. Бұған дейін фермада итальяндық, француздық және неміс ірімшігі болған. Жергілікті өнім 7 дүкенде сатылымда бар. Сүт өнімдері сатылымға шықпас бұрын барлық аккредиттелген мемлекеттік зертханада тексеріледі. Сондай-ақ термоөңдеуден өткізу үшін өнеркәсіптік жабдықтар да алынған. Шаруашылықта 1 литр сүттің құны – 700 тг. Сондай-ақ әр сенбі мен жексенбі күндері фермаға саяхат жасауға болады. Келушілерге егіншілік, жануарларды ұстау ережелері мен ірімшік тұтыну туралы ақпараттар беріледі.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу