Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы 53 мыңнан астам бала оңалтудан өткен. Ведомство "көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп" деген статистика келтіреді.
Министрлік мәліметіне сенсек, келер жылы 13 ерте араласу орталығы ашылмақ. Онда жыл сайын 0-ден 3 жасқа дейінгі 10 000-ға дейін баланың ем ала алуы мүмкін болмақ.
"Қадамдық қолжетімділік" қағидатын іске асыру шеңберінде өткен жылдан бастап балаларды амбулаториялық деңгейде оңалту енгізілді, нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала тұрғылықты жері бойынша емханалар деңгейінде медициналық оңалту алды", – деп жазылған ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, ведомство сондай-ақ нәресте ауруын ерте анықтауға бағытталған бағдарлама аясында қандай жұмыстар атқарылғанын хабарлады.