"Марафондар патшайымы" атанған блогер 5 жылға сотталып кетті

813

Оған 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды. 

"Марафондар патшайымы" атанған блогер 5 жылға сотталып кетті Фото: ТАСС

Ресейде "Тілектер марафонының" авторы, блогер Елена Блиновская 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Елена Блиновская марафондар жүргізумен танымалдыққа ие болды. Ол ақша төлеген адамдарға дұрыс тілек тілеуді үйреткен. Блогер 2023 жылдың сәуірінде Ресейден кетуге әрекеттенбек болғанда ұсталған.

Мәскеу сотының шешімімен Блиновская 1 миллиард рубльден астам салық төлеуден жалтарып, ақша жымқыру және заңсыз төлем айналымын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оның тергеу барысында тәркіленген мүлкі мемлекет меншігіне берілетін болды. Блиновскаяға 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды әрі төрт жылға коммерциялық қызметпен айналысу құқығынан айрылды.

Бұдан бөлек сот мемлекетке 587 миллион рубльден астам қаржыны қайтаруды талап етті. 

Айта кету керек, осыған дейін марафон ұйымдастырып, салық төлеуден жалтарған блогер 6 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу