Маралдыда 476 тұрғын бар: Кәсіпорын 295 жұмыс орнын ашады

229

Маралдыда 476 тұрғын бар: Кәсіпорын 295 жұмыс орнын ашады

Маралдыда 476 тұрғын бар: Кәсіпорын 295 жұмыс орнын ашады Фото: ШҚО әкімдігі

Маралды ауылында салынады деп жоспарланған алтын өндіруші кәсіпорын 295 адамды жұмыспен қамти алады. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова айтты деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жалпы аталмыш елді мекен халқының саны – 476. Мұның 92-сі – зейнеткер. Сондай-ақ, ауылда 21 көпбалалы отбасы және атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұялар бар.

– Дәл қазір "маралдылықтардың күнкөріс көзі не?" деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүр. Мұнда бірқатар отбасы мемлекет есебінен берілетін төлемдермен күнелтіп отыр. Жалпы, атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз отбасының қиын жағдайдан шығып кетуі үшін берілетін көмек. Бұл жәрдемақы емес. Ал аз қамтылған отбасылардың әл-ауқаты арту үшін тұрақты кіріс көзі болуға тиіс, – дейді басқарма басшысы.

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды. Осы тұрғыдан қарағанда шалғай елді мекенде іргелі кәсіпорынның салынуы халық үшін тиімді болатыны даусыз. Маралды халқының саны төрт жүздің үстінде болса, алтын фабрикасы үш жүзге жуық жұмыс орнын ұсынбақ. Бұл ауылдағы әрбір жанұя тұрақты табыс көзіне қол жеткізеді дегенді білдірсе керек.

Еске салайық, бүгін  жергілікті БАҚ өкілдері Шығыс өңіріндегі жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты ресми ақпарат алу үшін жауапты орган өкілдерімен кездесу өткізді. Мемлекеттік басқару органдары, сарапшылар мен БАҚ өкілдері арасындағы диалогты "Altainews медиа-орталығы ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу