Марапи жанартауының атқылауы: құрбандар саны 22 адамға жетті

332

Индонезиядағы жанартаудың жиі атқылауы бірнеше күн бойы құтқару жұмыстарын қиындатқан. 

Марапи жанартауының атқылауы: құрбандар саны 22 адамға жетті Фото: pixabay.com

Құтқарушылар тағы тоғыз адамның мәйітін тапқаннан кейін, Индонезиядағы жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсенбі күні, қауіпсіздік мақсатында уақытша тоқтатылған жоғалған 10 туристті іздеу жұмыстары қайта жанданды.

Сондай-ақ, түске қарай тоғыз адамның өлі табылғаны, ал бір адамның әлі табылмағаны ресми түрде хабарланды. Зардап шеккен тағы 12 турист ауруханада жатыр.

Сонымен қатар, Марапидегі бақылау бекетінің басшысы Ахмад Рифанди Францияның AFP агенттігіне тек сейсенбіде бес атқылау тіркелгенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, құтқарушылар BBC News Indonesia телеарнасына соңғы жоғалған туристті іздеу жұмыстары сәрсенбі күні қайта басталатынын ескертті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, атқылау кезінде бұл аймақта 75 турист болған және олардың көпшілігі эвакуацияланып, күйіктен емделген.

"Кейбіреулері жоғары температура салдарынан күйік алып, ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді", - деді Табиғи апаттардың салдарын азайту агенттігінің басшысы Руди Ринальди.

Осыған дейін хабарланғандай, жексенбі күні Индонезияның Суматра аралында Марапи жанартауы атқылады

Марапи – Суматра аралындағы ең белсенді жанартаулардың бірі және оның ең қауіпті атқылауы 1979 жылы сәуірде 60 адам қайтыс болған кезде орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу