Марат Ахметжанов "Қазақмыстағы" қанды оқиға туралы мәлімет берді

1078

"Кісі өлтіру қастандығы" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Марат Ахметжанов "Қазақмыстағы" қанды оқиға туралы мәлімет берді

"Қазақмыс" ЖШС басшысына шабуыл жасау оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кісі өлтіру қастандығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған", – деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент кулуарында.  

Ал "Интерфакс-Казахстан" сайты осы іспен таныс ақпарат көзі қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалғанын жазуда. Әсте "кісі өлтіру қастандығынан" бөлек, "өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы да бар көрінеді. 

Еске сала кетсек, кеше Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясы ғимаратында кәсіподақ төрағасы басшы мен арашаға түскен қызметкерге пышақ сілтеп, одан кейін өзіне қол жұмсаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу