Бүгін ШҚО "Теректі – Ұрынхай – Төсқайың" облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында ("Мраморное" асуы маңы) топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды.
Болған жағдай туралы "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері мәлімдеген.
"Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды", - делінген ШҚО әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетсек, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу