Марқұм Шерзаттың ісі бойынша сот қашан өтетіні белгілі болды

146

Сот ашық өтеді.  

Марқұм Шерзаттың ісі бойынша сот қашан өтетіні белгілі болды Фото: baq.kz

16 жасар Шерзат Полаттың өлімі бойынша алғашқы тыңдау күні белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір күні сағат 12:00-ге белгіленген. Өтетін орны – Талдықорған қаласындағы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимараты. Мекенжайы: Қабылиса жырау, 65 үй.

Ашық сот отырысын өткізу тағайындалғаны хабарланған.

Айта кету керек, өткен жылдың қазан айында Шерзат қаза тапқан күнгі дүкендегі бейнекамера жазбалары толығымен жарияланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу