Мас күйінде көлік тізгіндеген экс-депутат қамауға алынды

526

Ол 15 тәулікке қамалды.

Мас күйінде көлік тізгіндеген экс-депутат қамауға алынды Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сания Мұратоваға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және 608-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын мас күйде жүргізу) бойынша хаттама толтырылып, сот қаулы шығарды.

- Сания Мұратова 26-қазан күні кешке Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік қамаққа алу арнайы орнына 15 тәулікке қамалды. Одан өзге ақпарат таратылмайды, деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сания Мұратова мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші құқығынан айырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу