Мас күйінде көлік жүргізген 442 жүргізуші куәліктерінен айырылды

1165

Мас күйінде көлік жүргізген 442 жүргізуші куәліктерінен айырылды

Павлодар облысында төрт ай ішінде мас күйінде көлік тізгіндеген 442 жүргізуші куәліктерінен айырылды. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен мәслихаттың тұрақты комиссиясында ІІД-нің ЖПҚ басшысы Жасқайрат Қайыров мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Биыл көліктік қылмыс үшін жауапкершілік күшейтілді,- деді Жасқайрат Қайыров. - Әсіресе маскүнемдік күйде болғаны үшін, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі он жылға дейін ұзартылды. Павлодар облысында төрт ай ішінде көлікті мас күйінде басқарғаны үшін куәлігінен 422 жүргізуші айырылды. Жол-көлік оқиғасының саны 183-тен 163-ке төмендеген, жарақаттанғандар 14,4 пайызға азайған".

Бұдан басқа аймақта 26 мыңнан астам ұсақ құқық бұзушылық анықталды. Олардың 1232-сі ұсақ бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылса, 1284-і бекітілмеген орындарда темекі шеккен, ал 1776 азамат қоғамдық орындарда мас күйде болған. Сонымен қатар, 2746 адам абаттандыру ережелерін бұзған және 203 тұрғын темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға  сатқан.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандар тәртіп бұзушылардың 250 ата-анасы және сауда нүктелері мен көңіл көтеретін ұйымдардың жұмыскерлері, сондай-ақ басқа да 308 ересек тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығына 70 бойжеткен орналастырылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу