Мас күйінде жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші төлемақы алу пунктіне соқты

Жол апаты бүгін республикалық маңызы бар "Астана – Щучинск" автожолының 18 шақырымында болған.  

Мас күйінде жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші төлемақы алу пунктіне соқты Фото: ҚазАвтоЖол

Болжам бойынша жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі "Астана" төлемақы алу пунктіне жақындаған кезде көлікті басқара алмай, шлагбаумға соқтығысып, пункттің конструкциясына механикалық зақым келтірген. 

Қазіргі уақытта жинақталған барлық материал құқық қорғау органдарына жолданған. 

Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ресми арнасы жүргізушілерге ескерту жасады. 

– Көлікті алкогольдік немесе есірткілік мас күйде басқару – адам өміріне төнетін аса қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай немқұрайдылық ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. 

Жолда өз өміріңіз бен өзге азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік танытыңыздар! Мас күйде көлік жүргізбеңіздер! Өз өмірлеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, жол қателіктерді кешірмейді, – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу