Мас жүргізуші бұрын полицияда алты жыл қызмет еткен

983

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты.

Мас жүргізуші бұрын полицияда алты жыл қызмет еткен

Алматы облысы аумағындағы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі 1994 жылы туыған азамат, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Алайда ол өз міндеттіне немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан босатылған.

"Өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады", – деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Қанат Таймерденовтың айтуынша, екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін А. есімді азаматқа қатысты ҚРҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазір ол қамауда.

Еске салсақ, кеше ғана Алматы полициясы мас жүргізушіні полиция қызметкері емес деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу