Масалар мен шыбын-шіркейге қарсы өңдеудің үшінші кезеңі басталды

233

Осы жылдың 18 маусымынан бастап "Столичная дезинфекция" ЖШС ашық стацияларды-саябақтарды, скверлерді, көшелерді, тұрғын алаптарды өңдеудің үшінші кезеңін бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.   

Масалар мен шыбын-шіркейге қарсы өңдеудің үшінші кезеңі басталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Дезинсекциялық шаралар толық жоюға емес, тітіркендіргіш жәндіктердің санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады. Бүгінде қалада түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізілетін ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда.

Тұрғындардың жайлы демалысы мен уақытын өткізу үшін адамдар көп жиналатын орындарға, яғни саябақтар мен жағалауларға ерекше назар аударылады.

Дезинсекциялық шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды:

  • Өңделетін жерге баруды шектеу;
  • Өңдеу кезінде терезелерді жабыңыз.

Қан соратын жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмыстары бақылауда және ғылыми топ пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың кестелері мен ұсыныстарына сәйкес жалғасуда.

Айта кету керек, кіреберістер мен жертөлелерді өңдеуді ПИК және МИБ жүргізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу