Мәскеуде ауа-райына байланысты жоғары қауіп деңгейі енгізілді

391

Мәскеу мен Мәскеу облысында жауын-шашын мен көктайғақтың салдарынан ауа-райының "сары" деңгейі енгізілді.  

Мәскеуде ауа-райына байланысты жоғары қауіп деңгейі енгізілді Фото: profile.ru

Бұл туралы Ресей гидрометеорологиялық орталығының сайтында хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қалың қар туралы ескерту 3 қаңтар, сағат 12.00-ге дейін жасалды. Сонымен қатар, 4 қаңтарда сағат 22.00-ге дейін билік Мәскеу тұрғындарын жолдардағы көктайғақтан сақ болуға шақырады.

"Қолайсыз ауа-райына байланысты көшеде өте мұқият әрі сақ болуларыңызды, ағаштардың астында тұрмай және олардың жанына көліктерді қоймауды сұраймыз. Автокөлікті басқару кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау керек", - делінген Мәскеу қалалық әкімдігінің қалалық шаруашылық кешенінің телеграм-каналында.

Сонымен қатар "Фобос" ауа-райы орталығының жетекші маманы Михаил Леус 2 қаңтарға қараған түні Мәскеудегі тіркелген температура 2007 жылғы рекордты жаңартқанын хабарлады.

Бір күн бұрын, 2 қаңтарда мәскеуліктерге қатты жел мен ылғалды қар туралы ескертілді. Сонымен қатар, қалада көктайғақ күтілуде, осыған байланысты ТЖМ жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын арттырмай, көлікті ашық жерде қоюға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу