Мәскеуде жөндеуден қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

741

ТАСС басылымының мәліметінше, ұшақ 2014 жылы жасалған. 

Мәскеуде жөндеуден қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты Фото: Деловой Петербург

Мәскеу облысында Suhoi Superjet ұшағы апатқа ұшырап, орманға құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК басылымына сілтеме жасап.

Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақта үш экипаж мүшесі болған. Үшеуі де көз жұмды. 

Ал тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Ұшақ Коломнадағы Апраксино ауылының маңында құлаған. Ол төтенше жағдай орын алар алдында апаттық сигнал берген. Құлаған ұшақ Газпром-Авиа әуе компаниясына тиесілі болған. Ұшақ Луховицыдағы зауыттан Внуковоға жеткізілуі тиіс болған. Алайда Мәскеу уақытымен 15:00 шамасында радардан жоғалып кеткен.  

ТАСС басылымының мәліметінше, ұшақ 2014 жылы жасалған. Оның жалғыз операторы Газпром әуе компаниясы. Тергеу авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады

Айта кетейік, аталған әуе лайнеріндегі соңғы ірі апат 2019 жылдың 5 мамырында Шереметьево әуежайында болған. Аэрофлот ұшағы Мурманскіге көтеріліп, найзағай соғуына байланысты әуежайға оралған. Қону кезінде ұшақтың шассиі сынып, ұшып-қону жолағына соғылып, өртеніп кеткен. Апат салдарынан борттағы 78 адамның 41-і қаза тапқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу