Мәскеуден Қазақстанға соңғы рейс 29 наурызға жоспарланған

642

Олардың басым бөлігі АҚШ пен Мальдив аралдарынан қайтқандар.

Мәскеуден Қазақстанға соңғы рейс 29 наурызға жоспарланған

Әлемнің әр елінен транзиттік жолмен қайтқан қазақстандықтар Мәскеудің"Домодедово" әуежайына жиналуда. Бүгінде еліміз оларды елге жеткізу шараларын қолға алды. Мәселен, Ресей астанасына бағытталған соңғы рейс 29 наурызға жоспарланған, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін 21:50-де Алматыға 30-ға жуық адам жолға шығады. Олар АҚШ, Үндістан, Мальдив, Вьетнам, Мысырдан келген азаматтар. Ертең 22:30-да АҚШ, Испания, Мальдивтен келген шамамен 15 адам  Нұр-Сұлтанға аттанбақ", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар елшілік таратқан ақпаратқа сүйенсек, елге қайтатын жолаушылардың басым бөлігі "Шереметьево" әуежайына келген. Елшілік қызметкерлері мен мемлекеттiк авиациялық инспекция оларды санитардық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып "Домодедово" әуежайына жеткізген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу