Шереметьеводағы 50 қазақстандық Внуково мен Домодедовоға жеткізіледі

642

Еліміздің Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, транзит арқылы елге оралмақ болып Ресейге келіп жатқан қазақстандықтар легі толастар емес. 

Шереметьеводағы 50 қазақстандық Внуково мен Домодедовоға жеткізіледі

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 4:00-дегі жағдай бойынша Мәскеу әуежайларында 68 азаматымыз елге қайтатын рейстерді күтіп отыр.

"Олардың 50-і Шереметьево әуежайында (АҚШ, Мальта, Португалия, Канада, Мальдив, Вьетнам, Шри-Ланка елдерінен келген), 11-і Домодедовода, (Индонезиядан), 7 адам (Мароккодан) Внуковода",– дейді елшіліктен.

Шереметьеводан Қазақстанға рейстер жоқ болғандықтан, азаматтарымыз елшіліктің көмегімен санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, Внуково мен Домодедовоға жеткізіледі.

Айта кетсек, Ресей Федерациясының короновирус инфекциясына тосқауыл қою шаралары отандық туристерді елге қайтару кезінде қиындық туғызды. Кейіннен Үкіметтің араласуымен мәселе оң шешілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу