Қазақстан туристерін қайтару кезінде қиындық туды

908

Елге 14 чартерлік рейспен 2 818 турист жеткізілді.

Қазақстан туристерін қайтару кезінде қиындық туды

"18 наурыздағы дерек бойынша, туроператорлар арқылы ел аумағынан саяхатқа шыққан туристердің саны 5914 адамды құрады. Бүгінге дейін 14 чартерлік рейспен Қазақстанға 2818 турист жеткізілді. Бүгін, ертең тағы 5 чартерлік рейс ұйымдастырылады. Бүгін түнде 4 борт елге 734 туристі алып келеді", – деді мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Оның мәлімдеуінше, елге тұрақты рейстермен шет мемлекеттерде жүрген 1879 туристің 1695-і оралған. Алдағы 4 күнде Ресей Федерациясы арқылы елге 319 турист оралады. 

"Ресей Федерациясының короновирус инфекциясына тосқауыл қою шаралары отандық туристерді елге қайтару кезінде қиындық туғызды. Үкіметтің араласуымен мәселе оң шешілді",– деді Дастан Рыспеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу