Мәскеудің орталығында такси жүргізушісі баланы қағып кеткен

442

Мәскеудің орталығында такси жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына тоқтамай, жолдағы баланы қағып кетті. 

Мәскеудің орталығында такси жүргізушісі баланы қағып кеткен Фото: НТВ

Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Нижний Новгород көшесінде такси жүргізушісі баланы қағып кетті. Жас бала ауруханаға жатқызылды", - делінген қадағалау ведомствосының хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде орналасқан бағдаршамның тыйым салу сигналын елемеген. 

"Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігі (көлік құралын басқаратын адамның жол ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруі) және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Мәскеудегі МТБ ТК баспасөз қызметі. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, такси жүргізушісі Нижний Новгородская көшесінде "Киа" көлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен. 

"Қазіргі уақытта такси жүргізушісі ұсталды, онымен тергеу амалдары жүргізілуде", — деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу