Маусым айында инфляция баяулады

377

Жылдық инфляция деңгейі 14,6% құрады.

Маусым айында инфляция баяулады Фото: otyrar.kz

Тұтыну бағаларының индексі бір айда баяулап, маусымда 0,5% құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусымда баға жиhаз бен үйге қажетті заттарға 2,6% өсті, шабадандар, жол сөмкелері – 1,4%, велосипедтер – 1,2%, жеке қолданатын заттар бағасы 1% қымбаттады. Мамырмен салыстырғанда маусымда құрылыс материалдары – 0,8%, киім және аяқ киім, фармацевтика өнімдері – әрқайсысы 0,7%-дан өсті. Бензин АИ-95/96 – 1,1%, баллондағы сұйытылған газ 0,7% қымбаттады.

Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыруға – 8,8%, санаторийлер қызметтеріне – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,4%, денсаулық сақтау қызметіне 0,9% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында картоп бағасы 9,9%, жүзім – 4%, лимон – 3,9%, алма – 3,1% өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға, салқындатылған сусындарға 2,4%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына 1,8% байқалды. Банан – 10,6%, жаңа жиналған көкөніс – 8,8%, жұмыртқа – 5,9%, күнбағыс майы – 4,2%, қарақұмық жармасы – 4,1% арзандады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Ақтөбе облысында 0,1% тіркелді. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу