Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі Тәуелсіздік күніне орай 2023 жылғы 19-20 желтоқсанда Мажарстанның "Урания" ұлттық кинотеатрында қазақ кино күндерін ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2023 жылғы 19 желтоқсанда қазақ кино күндерінің ашылуы аясында "Қазақ хандығы: Алтын тақ" фильмі көрсетілді. Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол бұл фильм Ілияс Есенберлиннің әйгілі "Көшпенділер" романының негізінде түсірілгенін және XV ғасырдың аяғы, жас қазақ мемлекетінің қалыптасу процесі және оның ұлы дала үшін күресі белсенді жүріп жатқан кезеңді қамтитынын атап өтті. Қазақстан елшісі фильмнің призмасы арқылы сол кездегі адамдардың өмірі, Қазақ хандығының қалыптасуының геосаяси шарттары, сондай-ақ костюмдер мен шайқас көріністері берілгенін баса айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Бұл фильмнің 2022 жылғы Португалия киносыйлығының жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Болгария кинофестивалінде Гран-При иегері болып табылатынын атап өтті. Іс-шараларға фильмнің режиссері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашев қатысты. Ол өз сөзінде кеш қонақтарына жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдіріп, қыпшақ тайпаларының қазақтардың да, мажарлардың да тарихындағы елеулі ізін ерекше атап өтті. Ол сондай – ақ болашаққа арналған шығармашылық жоспарларымен бөлісті - атап айтқанда, екі халықтың бірлескен тарихи өткенін көрсететін мажар әріптестерімен бірлескен жоба құру.
2023 жылғы 20 желтоқсанында Мажарстанның белгілі режиссері Тамаш Тоттың "Өліара" қазақ-мажар фильмі көрсетілді.
Бұл картина қазақ халқының тарихындағы күрделі кезең – аштық пен ауыл шаруашылықты ұжымдастыру кезеңі туралы баяндайды. Өз сөзінде режиссер фильмді түсіру туралы алғаш ойлар "ВГИК" студенті болып жүрген кезде ашаршылық трагедиясы туралы алғаш рет қазақ курстастарынан білгеннен кейін пайда болғаның атап өтті. Сонымен қатар Тамаш Тот бұл фильм оның өміріндегі ең маңызды жоба екенін ерекше атап өтті.
Қазақ кино күндері 800-ден астам қонақтың басын қосып, оның ішінде Мажарстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, бизнес және қазақ диаспорасы өкілдері қатысты. Көрермендер Қазақстанның бай тарихи өткеніне ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының басынан өткен мұңды оқиғаларға куә болды.