Мәжіліс дауларды сотқа дейін шешу жүйесін жетілдіретін заң жобасын дайындайды

725

Депутаттар заңнамаға даулардың себебімен күресетін баптар енгізбекші.

Мәжіліс дауларды сотқа дейін шешу жүйесін жетілдіретін заң жобасын дайындайды Фото: total.kz

Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Қаулының жобасын әріптестеріне Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин таныстырды.

"Аталған заң заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасы медиация институтын дамытуға және дауларды шешуде азаматтарға білікті заңгерлік көмек көрсетуге, көбінесе туындайтын даулардың белгілі бір санаттарының пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға бағытталған. Заң жобасының міндеттері бітімгершілік рәсімдерінің аясын кеңейту, азаматтар үшін сот шығындарын азайту, сонымен қатар дау-дамайды соттан тыс реттеуге халықтың қызығушылығын анықтау", - деді депутат.

Аталмыш заң жобасын әзірлеу керектігін Мәжіліс депуттары бір ауыздан мақұлдап, қаулыны қабылдады.

Есжан Ботақара

Фото: Қанат Мусин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу