Мәжіліс қазақ тілінде хабар тарату көлемін 50%-дан 70%-ға дейін арттыруды ұсынды

362

Қазақстан Республикасындағы шетелдік телерадио арналарында отандық бағдарламалардың жалпы хабар тарату көлемінің кемінде 10 пайызын көрсетуді қамтамасыз ету ұсынылып отыр. 

Мәжіліс қазақ тілінде хабар тарату көлемін 50%-дан 70%-ға дейін арттыруды ұсынды Фото: pixabay.com

Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков Қазақстан Парламенті төменгі палатасының кезекті жалпы отырысында депутаттар бірнеше маңызды заң жобаларын, соның ішінде, БАҚ туралы заңды қарастыратынын айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Болат Кальянбековтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, БАҚ туралы жаңа заң жобасы "Мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласын дамыту тенденцияларын ескере отырып, БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған".

"Депутаттар мемлекеттік тілдегі отандық телерадио бағдарламаларының хабар тарату көлемін телерадиоарналардағы 50%-дан 70%-ға дейін арттыруды ұсынды", - деп жазды Кальянбеков.

Сондай-ақ, ҚР аумағындағы шетелдік телерадиоарналарда отандық бағдарламаларды үш айда бір рет жаңартыла отырып, білім беру, мәдени-ағарту, спорттық, ойын-сауық және бос уақыт сипатындағы трансляцияланатын бағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз ете отырып, жалпы хабар тарату көлемінің кемінде 10%-ын қазақ тілінде трансляциялауды қамтамасыз ету ұсынылады.

Бұдан басқа, қазақстандық ТВ және радио эфирінде шетелдік бағдарламалардың қайта көрсету көлемін хабар таратудың жалпы көлемінен, оның ішінде 20% -дан 10% -ға дейін қысқарту ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу