"Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 3 қарашада 5 адам қаза тапты. Барша депутаттық корпустың атынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Осыған байланысты марқұмдарға бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетуді ұсынамын", – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Еске сала кетсек, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай орын алды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде жарылыс болып, соның салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Таңертең бесінші жұмысшының денесі табылды.