Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасындағы апатта қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
– "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада газ апаты болып, 4 кенші қаза тапты. Ал тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды