VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы орынбасарлары сайланды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"ҚР Парламенті Мәжілісінің орынбасары лауазымына алдымен Мәжіліс депутаты Альберт Раудың кандидатурасын ұсынамын", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Бұл кандидатура бойынша депутаттар тарапынан қарсылық пен ұсыныстар болмады. Осылайша Ерлан Қошановтың тиісті ұсынысы дауысқа салынды.
"Қатысып отырған 97 депутат. Жақтағандар 96 депутат. Бір депутат қалыс қалды. Сонымен шешім қабылданды. Депутат Рау Альберт Павлович ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды", - деді Мәжіліс төрағасы.
Мәжіліс төрағасының орынбасары лауазымына екінші кандидат ретінде депутат Дәния Еспаева ұсынылды.
"Қатысып отырған 97 депутат. Дауыс бермеген 1 депутат. Жақтағандар – 94 депутат. Қалыс қалғандар – 2 депутат. Депутат Дәния Еспаева Мәдиқызы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды", - деді Ерлан Қошанов.
Еске салайық, осыған дейін Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланғанын жазған болатынбыз.