Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа экология министрін сынға алды

908

Серікқали Брекешев мемлекеттік тілдегі сауалдарға орыс тілінде жауап берді. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа экология министрін сынға алды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Құжатты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев таныстырды. Министр депуттаттардың сауалдарынан састы ма белгісіз, бірақ қазақ тілінде қойылған сұрақтарға орыс тілінде жауап беруге рұқсат сұрады. 

Нұрлан Нығматулин сұрақ мемлекеттік тілде қойылғанындықтан, жауапты қазақ тілінде беру керектігін ескертті.

"Сіз мұнда бірінші рет келдіңіз. Ендігі жолы келгенде сізге бір өтініш бар. Бұл мемлекеттік тіл. Сіз Парламентке келіп отырсыз. Шетелде білім алдыңыз, ағылшын тілін білесіз. Туған елде жұмыста жүргенде қазақ тілінде сөйлеу керек", – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу