Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекеттік шекара туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Заң жобасында өткізу пункттерінде құқық қорғау мен арнаулы органдар, прокуратура органдары қызметкерлерінің болу тәртібін регламенттейтін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормалар көзделеді. Заң жобасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді орнату жөніндегі құзыреті нақтыланады.