Халық қалаулылары VIII сайланған ҚР Парламентінің алғашқы сессиясында ресми түрде ант берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді депутаттар.
Еске салайық, партиялық тізімдер бойынша Мәжіліске 6 партия өтті. Бұдан бөлек бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың тізімін де жариялаған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу