McDonald's қызметкерлер санын қысқартады

624

Компания мейрамханалар желісінің кеңеюін жеделдету мақсатында бүкіл әлем бойынша жұмыс орындарын қысқартуды әрі қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

McDonald's қызметкерлер санын қысқартады Фото: google

Бас директор Крис Кемпчинскидің жазбасына сәйкес, компания басымдықтарды өзгертіп, кейбір бастамаларды тоқтатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNBC-ке сілтеме жасап.

Жұмыс орындарын қысқарту шығындарды азайту үшін емес, компанияға инновацияларды тезірек енгізуге әрі тиімдірек жұмыс істеу жолдарын табу үшін жасалған.

Қазіргі уақытта McDonald's ұйымы үш сегментке бөлінген: АҚШ, халықаралық басқарылатын нарықтар мен халықаралық лицензияланған даму нарықтары. Компания бүкіл әлем бойынша 119 нарықта жұмыс істейді.

Сондай-ақ, McDonald's жаңа мейрамханаларды дамыту жоспарларын жеделдететінін айтты.

"Соңғы бірнеше жылдағы сұранысты толығымен қанағаттандыру үшін мейрамханаларымызды ашу қарқынын жеделдетуіміз керек", - деді Крис Кемпчински.

McDonald's бұған дейін 2023 жылы қанша жаңа мейрамхана салуды жоспарлап отырғаны туралы ешқандай болжам жасаған жоқ, бірақ қараша айында жаңа бөлімшелер 2022 жылы бүкіл сатылымның шамамен 1,5% өсуін қамтамасыз ететіні белгілі болды.

Компания қанша жаңа мейрамхана салатынын және қайта құру аясында қанша жұмыс орны ашылатынын әлі шешкен жоқ.

Қазақстандағы McDonald's 18 қарашадан бастап жергілікті жеткізушілердің жұмысындағы шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлағанын еске саламыз.

Кейін Food Solutions KZ ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді Қазақстанда жұмысын толығымен тоқтатты. Қызметін тоқтатқанымен, басқа атаумен жұмысын қайта бастайтынын мәлімдеген болатын. 

Желінің жабылуына себеп - бұған дейін Ресейден келетін еттің бағасынан жергілікті немесе басқа шет елден келген еттің құнының әлдеқайда жоғары болуы.

Осы уақыт ішінде "Food Solutions KZ" ЖШС басқаруымен компания жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының біріне айналды.

McDonald's 24 мейрамханасы Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандыда ашылып, 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу