2016 жылдың соңы – 2017 жылдың басында әлемдік мұнай нарығында тұрақтылық орнайды, деп мәлім етті РИА Новости-ге МЭЕҰ бас хатшысы Мохаммед Баркиндо. Бұл туралы ПРАЙМ агенттігі жазып отыр.
"Біз тұрақтылық болатынын, нарық тұрақталып, баға ауытқуларының төмендейтінін болжап отырмыз. Бұл индустрияға инвестиция қарқындап келе бастайды деп күтудеміз", – деп мәлім етті мұнайдың алдағы кезеңдегі бағасына қатысты сұраққа жауап берген Мохаммед Баркиндо.
Сонымен қатар МЭЕҰ басшысы ұйымға, мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімге бұған дейін мүше болмаған бірқатар елдің қосылатынын атап өтті.
"МЭЕҰ-ға мүше емес 11 елмен ынтымақтастықты доғарған жоқпыз. Ал МЭЕҰ енбейтін өзге елдер, оның ішінде АҚШ бізге қосылады деп отырмыз", – деп мәлім етті Мохаммед Баркиндо.