Мехикода таксишілер мен полицейлер арасында қақтығыс болды

819

Салдарынан кемінде алты адам жарақат алған. 

Мехикода таксишілер мен полицейлер арасында қақтығыс болды

19 ақпанда Мексика астанасында такси жүргізушілері ереуілге шығып, оның арты тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып кеткен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеруге шыққан алты кісі жарақаттанған. 

"Үсті-басы қан болған жүргізушіні жерде жатқан күйі полицейлер қалқанмен соғып, денсаулығына қатты зақым келтірген. Ал тағы екі адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр",–дейді елдегі такси жүргізушілерінің ұлттық ұйымының өкілдері.

Әзірге қарулы күштердің жарақат алғаны-алмағаны туралы ақпарат жарияланбады. 

Ескере кететін жайт, мұндай жағдай ел астанасында бұған дейін бірнеше мәрте болған. Такси жүргізушілерінің ашуын келтірген – көлік қызметін ұсынатын мобильді қосымшалар. Олар бұл қосымшалар бәсекенің әділ болуын тежейді дегенді алға тартып, биліктен мәселені шешуді талап етуде. 2019 жылдың қазан айында орын алған бас көтеру кезінде олар тіпті Мехико әуежайына баратын жолды бұғаттап тастаған. Дегенмен бұл шараны әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі қолдамады. Кейбірі өз парақшаларында такси жүргізушілеріне бойкот жариялаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу