Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы болды

1295

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК" компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы болды

Ол 1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Ол ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.

Айта кетейік, аталмыш компанияның бұрынғы басшысы Асқар Маратұлы әлеуметтік желіде қызметімен қош айтысқанын жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу