Мейірім Нұрсұлтанов "Канело" жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

1260

Бокс кеші 2 қарашада.

Мейірім Нұрсұлтанов "Канело" жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 2 қарашада өткізеді,  деп хабарлайды Vesti.kz.
 
25 жастағы Нұрсұлтанов Лас-Вегастағы MGM Grand аренасының бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта ресейлікке тиесілі WBO белбеуі үшін жұдырықтасады. 

Қазақ боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Мейірім соңғы рет тамызда Челябіде Ковалевтің андеркартында жұдырықтасып, Артур Осиповті (15-2, 10 КО) жеңген.

Ковалев пен Нұрсұлтановтың ісін белгілі америкалық менеджер Эгис Климас және Main Events промоутерлік компаниясы жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу