"Мейірім" жобасы аясында 400 балаға арнайы есепшоттар ашылды

743

Жамбыл облысында қамқоршысыз қалған 400 баланың атына депозитте арнайы есепшоттар ашылды.  

"Мейірім" жобасы аясында 400 балаға арнайы есепшоттар ашылды Фото: pixabay.com

Бұл – 2020-2021 оқу жылында бастау алған "Мейірім" жобасы шеңберінде демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық іс-шарасы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл өңірінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 460 жеткіншек бар. Жоба аясында "Отбасы банкінде" соның 400-іне арнайы есепшоттар ашылып, салым салынған.

Соның 350-нің  "Отбасы банкінде" ашылған шоттарына мемлекеттік мекемелер, ірі кәсіпорындардың басшылары мен білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін жеке демеушілер 4 миллион 150 мың теңгеден астам қаражат аударған.

Балалар кәмелеттік жасқа толған соң, бұл қаражат білім алуға, тұрғын үй алуға жұмсалатын болады. Енді қалған 60 балаға есепшот ашу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. 120 демеушіге әлеуметтік қолдау көрсетуге ұсыныс берілген.

Айта кету керек, қамқоршысыз қалған 460 жасөсіпірім Тараз қаласының білім мекемелерінде білім алуда. Оның 362-сі – қорғаншылықта, 75-і патронаттық тәрбиеде, 5-еуі қабылдаушы отбасында, 18-і отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу