Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында болды. Бұл туралы Arabnews хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алды.
Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кеткен.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл ақпаратты Сауд Арабиясының полициясы да растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу