Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері (жарты тәулікте шамамен 180 мм) теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын ауданда жауған, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, аталмыш қалалардағы әуежайларда біраз рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа-райы қалпына келгенше ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу