Меккеге қажылыққа тек екпе алғандар бара алады – БАҚ

1244

Биыл Сауд Арабиясында тұратын 60 мың мұсылман ғана қажылық жасай алады. 

Меккеге қажылыққа тек екпе алғандар бара алады – БАҚ

Мекке қажылыққа бару үшін Сауд Арабиясының тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Екінші жыл қатарынан қажылыққа баратындан саны азайып отыр.

2021 жылы Сауд Арабиясы билігі елде тұратын 60 мың адамға ғана қажылыққа баруға рұқсат берген. Сонымен қатар олар коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алуы керек. Басқа елдің тұрғындары қажылыққа бара алмайды. 

Билік шектеу енгізуге күрделі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирустың таралуы себеп болып отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, 2019 жылы COVID-19 пандемиясына дейін Меккеге қажылыққа 2,5 млн адам барған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу