Мексикада жол апатынан 20 жолаушы қайтыс болды

735

Автобус пен жүк көлігі соқтығысқан.

Мексикада жол апатынан 20 жолаушы қайтыс болды

60-қа жуық адам мінген көлік ел астанасынан оңтүстіктегі штатқа қарай жолға шыққанда, Веракус қаласы маңында жүк тиеген машинаға соқтығысқан, деп хабарлайды Atameken Business.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, таулы жермен келе жатқан жүк көлігінің тежегіші істен шығыпты. Екеуі де жоғары жылдамдықпен келе жатқандықтан, автобус жолдан шығып, аударылып, сау тамтығы қалмай жанған. Оның ішінде Чьяпасқа мінәжат ету үшін сапарға шыққан діндарлар болған көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу