Мектеп асханаларына жүргізілген мониторингтің нәтижесі белгілі болды

240

Бірқатар өңірдегі мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отыр.  

Мектеп асханаларына жүргізілген мониторингтің нәтижесі белгілі болды Фото: Depositphotos

Мониторинг жұмысының барысында 771 бұзушылық анықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Премьер-министрдің тапсырмасына орай еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне қыркүйек-қазан айларында мониторинг жүргізілген.

"Республикалық мониторинг қорытындылары мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Бұл заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де байқалып отыр. Дәлірек айтқанда, мониторинг жұмысының барысында 771 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысына кешенді бағалау жүргізді", – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, бір оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілген.

"Мәселен, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды. Бұл аталған өңірлердегі әкімдіктердің тамақтандыру сапасына ерекше назар аударып, бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді", – деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Айта кету керек, осыған дейін мектеп асханасындағы тамақ оқушылар үшін қаншалықты қауіпсіз екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу