Мектеп бітіруші түлектерге сүйінші жаңалық!

37063

Енді Қазақстанда халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ еліміздегі кез келген университетке грантқа түсе алады.

Мектеп бітіруші түлектерге сүйінші жаңалық! Фото: ult.kz

Түзету енгізілген жаңа заң жобасын Мәжіліс депутаттары мақұлдап қол қойған. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2021 жылы Олимпиадада оза шыққан оқушыларға жоғары оқу орындарына гранттар мен ақшалай сыйақылар беру туралы шешім қабылданған. Алайда сол жылы халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдау туралы норма қолдау таппаған. 

Биыл бұл бастаманы Үкімет қолдап отыр екен. Асхат Аймағамбетов келесі қадам ғылыми сайыста бірінші орын алған оқушыларға 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру нормасын енгізу екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу