Мектеп оқушыларының стартап-жобалары қаржылай қолдауға ие болуы мүмкін

1175

Қазақстандағы кез келген мектеп оқушысы өз бизнес жобасын байқауға ұсынып, қаржылай сертификат жеңіп ала алады. 

Мектеп оқушыларының стартап-жобалары қаржылай қолдауға ие болуы мүмкін

2020 жылдың 11-13 наурыз аралығында  "Atameken Stars"  республикалық байқауы өтеді. Онлайн байқау Atameken Academy atameken.co  сайтында "Кәсіпкерлік негіздері" курсын өткен оқушыларға  арналған, деп хабарлайды atameken.kz.

Байқау барысында оқушылар 16 видеосабақты көріп шығуы керек. Әр видеосабақ бойынша тест тапсырылады. Видеосабақтар мен тестерді аяқтаған соң оқушы өз бизнес жобасы туралы презентацияны барша Atameken Academy қауымдастығына ұсынады. Қазіргі таңда қауымдастықта 46021 қолданушы тіркелген.

Жобалар үш аталым бойынша бағаланады: ТОП-20 жоба:ең тапқыр оқушылар, ТОП-10 мұғалім ("Кәсіпкерлік негіздері" пәнінен сабақ беретіндер арасында), ТОП-5 мектеп ("Кәсіпкерлік негіздері" пәнін енгізген мектептер арасында). Байқау нәтижелері тікелей эфирде 2020 жылдың 5 сәуіріне дейін жарияланады.

"ТОП-20 жоба: ең тапқыр окушылар" аталымында оқушылардың бизнес-жобасын әділ қазылар алқасы бағалайды. Әділ қазылар алқасына елімізге танымал кәсіпкерлер, маркетолог және қаржыгер мамандар кірді. Олардың қатарында: Расұл Абдуллаев (Kexmarketing, Yuframe Burger, Marmeladbar, Salambro жобаларының маркетологы), Арслан Дәрімов (Rocket Study негізін қалаушысы), Назым Нұрсафина (Қазақстан Халық Банкі Шағын бизнеске сату басқармасының басшысы), Олжас Ордабаев (ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары), Нұғыман Жұлдызбаев ("Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" жобасының жетекшісі), Инна Региль (ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы ), Әлішер Өмірбаев (Atameken Academy жоба менеджері).

Жеңімпаздар келесі сыйлыктармен марапатталады:

1-орын – 150000 теңге сертификат – сенімді стартап бастау;

2-орын – 100000 теңге сертификат –  жеңіл старт;

3-орын – 50000 теңге сертифкат – бизнес-нишаны сынақтан өткізу.

Сондай-ақ, белсенді оқушылар мен мұғалімдерді  "Атамекен" ҰКП, Halyk Bank, Rocketstudy.kz, Yuframe Burger-ден бағалы сыйлықтар күтуде.     

Atameken Academy – бұл жас кәсіпкерлердің  онлайн режимде тәжірибелі кәсіпкерлердің кейстерін зерттеп, құрдастарымен пікір алмасатын бірегей алаң әрі үлкен бизнес-қауымдастық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу