"Бүгінде мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың бала бар. Оның ішінде арнайы ұйымдар мен топтарға 14,4 мың бала, ал жалпы білім беру топтарына 5,5 мың бала барады. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақшаларға жеңілдікті кезек қарастырылған", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзінше, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жалғасын табады.
Айта кету керек, осыған дейін балабақшаға баруға тиіс 250 мыңнан астам бала кезекте тұрғанын жазған болатынбыз.