Мектепке дейінгі ұйымдарда 97,4 мыңнан астам педагог жұмыс істейді

541

Біліктілікті арттыру курстарынан өтетін мамандар саны артып келеді.  

Мектепке дейінгі ұйымдарда 97,4 мыңнан астам педагог жұмыс істейді Фото: ortcom.kz

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог бар. Атап айтқанда, 41 596 маман ауылдық жерлерде, ал 55 811 педагог қалада жұмыс істейді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде болып жатқан өзгерістер аясында жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтар саны артып отыр. 2022 жылы олардың саны 14 мыңнан асса, 2023 жылы біліктілікті арттыру курстарымен қамтылатын мамандар саны 21 мыңға жетті", - деді Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, осыған дейін елімізде 15 мыңға жуық тәрбиеші тапшы екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу