Мектептердің тек 65%-ында ғана жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар

Білім ордаларының 40%-ы жол жүрісі қағидаларын зерделеу үшін арнайы алаңдармен жабдықталған. 

Мектептердің тек 65%-ында ғана жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Бүгінгі таңда, мектептердің тек 65%-ында ғана жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар және мектептердің тек 40%-ы жол жүрісі қағидаларын зерделеу үшін арнайы алаңдармен жабдықталған. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуда маңызды рөл атқаратын қозғалыстың, жас инспекторларының, мектеп отрядтарының жұмысын ұйымдастыруды ерекше атап өткен жөн. Олардың басты міндеттері – балалар мен жасөспірімдер арасында жол жүрісі қағидаларын сақтауды насихаттау және жолдағы балалар жарақатының алдын алу", – деді аға инспектор.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезде, елімізде мектептердің тек 70%-ында ғана (4697) мұндай отрядтар бар.

"Олардың қатарына 48 мыңнан астам бала қосылған, дегенмен, бұл теңізге түскен тамшыдай", – деді Ақтоты Боранова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу