Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол апатынан адамдардың қаза табуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына және БАӘ халқына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу