"Нью-Йоркте жүріп Алматының 4-ші қалалық ауруханасының бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қоғамдастығының өтініш-тілектерін оқыдым Германияда қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың тұтқындалғаны белгілі болған. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сонымен қатар, осы іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев та тұтқындалды.