Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырады.
Сондай-ақ, бүгін Yeti Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жерде екі қара жәшік табылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу